25 қараша 2022 | 09:18

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық "беделдіні" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін, топтың белсенді қатысушысын, сондай-ақ криминалдық "беделдіні" ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, олар биыл сәуірде елордадағы түнгі клубтардың күзет қызметіне ықпал ету салаларын бөлісу үшін криминалдық жанжал бойынша күдікті болып отыр, соның салдарынан екі адам атыс қаруынан жарақат алған болатын.

"Сонымен қатар, ұсталғандар аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікке де ілінді.

Олар Ақмола облысы кәсіпкерлерінің арасындағы мүліктік дауды шешуге уәде беріп, төлем ретінде 150 миллион теңге, екі үй мен екі коттеджді өз туысқандарының атына ресімдеген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная