Астанадағы тергеу абақтысынан қашып кеткен қылмыскер ұсталды

Полицейлер 25 а?панда т?стен кейінгі уа?ытта Астанада?ы тергеу изоляторынан ?ашып кеткен ?ылмыскерді ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ ?ылмысты?-ат?ару комитетіні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер 25 ақпанда түстен кейінгі уақытта Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қылмыскерді ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары сотталған ер адамды ұстау бойынша іздестіру шараларын аяқтау үшін бір тәуліктен аса уақыт жұмсады. 

"Іздестіру шаралары барысында түнгі уақытта, Қарағанды облыстық ІІД-нің Нұра ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Ахмет қаласының маңында жеңіл көлікті тоқтатқан. Көлік салонын тексеру барысында іздеуде жүрген ер адам табылған. Ұстау кезінде сотталған ер адам қарсылық көрсетпеді. Бостандықтан айыру орнынан қашқаны үшін ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 426-бабының санкциясы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қарағанды облысының 36 жастағы тумасы Ерасыл Арғымбаев 25 ақпанда Астананың уақытша тергеу изоляторынан қашып кеткен еді. Кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Астанада тергеу изоляторынан қашып кеткен Қарағанды облысы тумасының суретін жариялаған. Қарағандының 36 жастағы тумасы Е.Қ.Арғымбаев бұған дейін ұрлық пен тонау бойынша сотталған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама