Астанадағы "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК қызметкерлері парамен ұсталды

Астана қаласы бойынша "Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бірқатар қызметкері парамен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ұлттық Бюро департаментіне сілтеме жасап.

Хабарламада "Жылжымайтын мүлік орталығы" РМК-ның елордалық филиалының жетекшісінің орынбасары, жылжымайтын мүлік жөніндегі маманы және "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы" РМК-ның астаналық филиалының жер телімдерін рәсімдеу жөніндегі сектордың басшысы ұсталғаны айтылған. 

"Лауазымды тұлғалар алдын-ала келісім жасап, жер теліміне мемлекеттік актіні толтырғаны үшін жеке тұлғадан сегіз мың доллар сомасында пара алғаны анықталды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, ұсталғандар өз істерін толықтай мойындап отыр. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары сотқа дейнгі тергеу жүргізіп жатыр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама