Астанадағы дәмханада келушілерге лағманның орнына есірткі сатылған

видео кадры

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана полициясы дәмханалардың бірінде келушілерге есірткі сатқан күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында орналасқан кафелердің бірінде 49 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

"Ол лағман сату сылтауымен өз мекемесінде есірткі сатқан. "Тосқауыл" ЖПІШ аясында тінту кезінде кафеден гашиш салынған пакет табылды. Сұр-жасыл түсті ерекше иісі бар 2 полиэтилен орамы тәркіленді. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес алынған зат салмағы 10,15 грамм гашиш болып шықты", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама