Астанадағы жоғары оқу орнының қызметкері 18 адамды алдап кеткен: сот үкім шығарды

Астанадағы жоғары оқу орнының қызметкері 18 адамды алдап кеткен: сот үкім шығарды Фото:depositphotos.com

Астанада жоғары оқу орындары бірінің қызметкеріне қатысты үкім шықты. Ер адам 18 талапкерді алдап, қылмыстық схема ұйымдастырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Астанада жоғары оқу орындары бірінің қызметкеріне қатысты үкім шықты. Ер адам 18 талапкерді алдап, қылмыстық схема ұйымдастырған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

ЖОО қызметкері жалған мөрлер мен жалған құжаттарды пайдалана отырып, 600-ден 900 мың теңгеге дейінгі сыйақы үшін оқуға белгіленген тәртіптен тыс қабылдауға уәде берген.

"Басты сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы сотталушы өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бірнеше рет алаяқтық жасағанын, сондай-ақ жалған ресми құжаттарды қолдан жасап, жалған мөр дайындағанын толық дәлелдеді", - деп хабарлады прокуратура.

Жарнама
Жарнама

Ер адам 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ одан материалдық шығын өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін Астанадағы оқу орындарының бірінде шетелдіктерді заңдастыру бойынша қылмыстық схема әшкереленгені хабарланған болатын. ЖОО-ның екі қызметкері алыс шетелдің 68-ден астам азаматына оқуға жалған шақырту рәсімдеген.

Тағы оқыңыз: Талапкерлерге желіде ҰБТ “сұрақтарының таралуына“ қатысты ескерту жасалды

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама