Астанадағы түнгі клуб қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Астанадағы түнгі клуб қызметкері есірткі сатқаны үшін ұсталды

Астаналық полицейлер түнгі клубта синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 22 жастағы жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналық полицейлер түнгі клубта синтетикалық есірткі таратумен айналысқан 22 жастағы жас жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.

"Астана прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.

Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді. Ол Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Бұл дерекке қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама