Астанадағы түнгі клубтардың бірінде адам өлтіру оқиғасы болды. 19 жастағы жігіт көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға жайлы ақпарат пен видео әлеуметтік желілерде жарияланды.
Астана Полиция департаменті Тengrinews.kz тілшісіне берген мәлімет бойынша, клуб қонақтарының арасында жанжал туындап, олардың бірі пышақ шығарған.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға барысында күдікті пышақ жарақатын салып, соның салдарынан 19 жастағы жігіт алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", – деді полиция өкілдері.
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!