30 наурыз 2021 | 15:16

Астаналық әйелді бұрынғы күйеуі оңдырмай сабап тастаған

Фото: instagram.com/lunaaaai

Астаналық Аида Ермекова бұрынғы күйеуі оңдырмай сабағанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астаналық Аида Ермекова бұрынғы күйеуі оңдырмай сабағанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жәбірленуші әлеуметтік желідегі парақшасында болған оқиға туралы жазба жариялады. 

Реклама
Реклама

"Ол мені бірнеше жыл бойы оңдырмай сабап келді. 2020 жылы ажырасуға шешім жасадым. Бірақ ол келіспеді, нәтижесінде алты сот отырысы арқылы ажырастық. Бірақ екеуміз ажырасып кеткеннен кейін де ол аңдып, баламды сылтауратып, қоқан-лоқы көрсетуін жалғастырды. 2021 жылы 15 наурызда баламыздың туған күнінде онымен бірге болғысы келді. Өзін байсалды ұстаған, мен оған сеніп, келісімімді бердім. 19 наурызда ол тағы да маған қол көтерді. Түнде екі сағат бойы мені ұрды. Мені қолымен, аяғымен ішімнен және басымнан бірнеше рет ұрды. Мені жартылай шешіндіріп, балконға шығарып, үстіме суық су құйып жіберді. Мен барынша қорғанып, бетімді тек қолыммен жауып жаттым, екі жасар баламды оятып алмау үшін айғаламауға тырыстым. Сол күні есімнен танып түстім. Одан бөлек, ол мас болған. Бұл сұмдық бітпейтін шығар деп ойладым", - дейді келіншек. 

Ол бұрынғы күйеуінен қашып үлгерген. 

"Таңертең ол балконға шығып кеткен кезінде сол сәтті пайдаланып, пәтерден қашып кеттім. Бұл менің жалғыз мүмкіндігім еді. Үстіме халат киіп, жалаң аяқ туыстарыма қарай қашып кеттім. Сосын не болғанын білмеймін. Артынша мені Нұр-Сұлтандағы ауруханаға жеткізіп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Ауруханаға полиция қызметкері келіп, менен жауап алды", - дейді ол. 

Жәбірленуші полицияға арыз жазып, қазақстандықтардан іс қозғаусыз қалмауы үшін көмек сұрады. 

"Маған істі соңына дейін жеткізу үшін психологиялық және моральдық көмек қажет. Өкінішке қарай, қолданыстағы заң оның толығымен менің қасыма жоламауын қамтамасыз ете алмайды", - дейді жәбірленуші.  

Нұр-Сұлтанның Полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылдың 20 наурызында Есіл аудандық полиция бөлімшесіне 23 жастағы қала тұрғынынан бұрынғы күйеуіне қатысты арыз түскен. 

"24 жастағы ер адам отбасылық жанжал кезінде оны соққыға жыққаны анықталды. Сот-медициналық сараптаманың нәтижелері бойынша, әйел адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Одан бөлек, жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ер адамға қатысты қорғау ұйғарымы шығарылды. Күдікті заң бойынша жауап береді", - деді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная