21 маусым 2024 15:40

Астаналық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен 100 миллион теңгені иемденіп кетті деген күдікке ілінді

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Астана тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен, алдау арқылы 100 миллион теңгені иемденіп кетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен, алдау арқылы 100 миллион теңгені иемденіп кетті деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны "Г"-ға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр.

"Ол аса ірі мөлшерде алаяқтыққа оқталғаны, яғни Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 миллион теңгені иемдену бойынша күдікті.

Сонымен қатар, күдіктінің іс-әрекеті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша сараланды. Оның қылмыстық әрекетінің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Күдікті соттың санкциясы бойынша, қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram