13 қазан 2020 12:53

Астаналық жүргізуші 98 рет жол ережесін бұзған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zarulim.com.ua Фото: zarulim.com.ua

Елордалық тұрғын осы жылы 98 рет жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.


Елордалық тұрғын осы жылы 98 рет жол ережесін бұзған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жеке сот орындаушылар палатасына сілтеме жасап.

Ұйымның мәліметінше, қалада "Борышкер" рейді жүргізіліп жатыр екен. Шараның мақсаты - мемлекетке қарызы бар азаматтарды анықтау.

"Рейд нәтижесін беріп жатыр. Тексеріс барысында осы жылы бір тұрғынға 98 айыппұл салынғаны анықталды. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған 1,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Осыған байланысты 2009 жылы шығарылған BMW 750 Li көлігі арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Кейін борышкер айыппұлды төледі", - дейді жеке сот орындаушылар палатасы төрағасының орынбасары Мәдина Жанасаева.

Оның айтуынша, тұрғында 98 айыппұлдан басқа, екінші деңгейлі банктердің бірінде қарызы болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети