22 қазан 2020 | 09:38

Астаналық тұрғын әйелін аяусыз ұрып, балаларын тартып алған

Астанада ер адам әйелін аяусыз ұрып, балаларын тартып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада ер адам әйелін аяусыз ұрып, балаларын тартып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға туралы мәлімет әлеуметтік желіде пайда болды. 29 жастағы келіншек 4 жыл бұрын тұрмысқа шығып, екі бала туған. Алайда отбасында мәселе туып, астаналық келіншек күйеуімен ажыраспақ болған. Жәбірленушінің әпкесі Гүлбану Құлжағарованың айтуынша, ер адам ажырасуға қарсы болған және әйелін психиатриялық ауруханаға апарып, ұлы мен қызын тартып алатынын айтып, қоқан лоқы жасаған. 

Реклама
Реклама

"Сымбат ажырасқысы келген. (...) Бірақ ол сонда да айтқанынан қайтпады. Нәтижесінде Абай Сымбатты мәжбүрлі түрде Қалалық психикалық денсаулық орталығына апарып, оның есі дұрыс емес екенін және өз-өзіне қол жұмсағысы келгенін айтқан. Сөйтіп ол психиатриялық ауруханада бір аптадай жатты. Сымбат ол кезде Абай расында балаларды тартып алады деп қорқып, онымен бірге тұруын жалғастырған. 2020 жылдың қыркүйегінде Сымбат ресми түрде ажырасуға арыз жазып, соттың шешімін күтті. 

30 қыркүйекте Абай оны аяусыз ұрып, нәтижесінде ауруханаға баруға тура келді. Сол күні ол күйеуіне шағып түсірмеді, дәрігерлерге күйеуі қоқан лоқы көрсеткенін айтты. Одан бөлек, Сымбат күйеуінен қатты қорқатын, себебі оған өзінің анасы да қолдау білдірмеген. Бірақ 1 қазан күні Сымбат Абайдың үстінен полицияға арыз жазды", - дейді жәбірленушінің әпкесі. 

Бұл оқиғадан кейін де ер адам астаналық келіншекті бірнеше рет соққыға жыққан. Нәтижесінде ол ауыр дене жарақатын алған. 

"19.10.2020 күні Абай оны аңдып жүрді. Сымбат қашамын деп құлап түсті. Ол қатты қансырап кеткендіктен Абай оны ауруханаға апарған. Сол жерде Сымбат Instagram арқылы көмек сұрап, жазба қалдырған. Абай оны көріп, өшіруді талап етіп, артынша қайтадан Қалалық психикалық денсаулық орталығына апарып тастады. Бірақ Сымбатта ешқандай психикалық ауру болмаған. Қазір біз, оның жақындары Сымбатты шығарып алудың жолын іздеп жатырмыз. Бірақ онымен байланысу мүмкін болмай отыр. Сіңілімді психикалық клиникадан шығарып, балаларымен қауышуына көмектесулеріңізді сұраймыз", - дейді Гүлбану Құлжағарова. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Banu (@b_kulzhagarova) 20 Окт 2020 в 8:42 PDT

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері оларға астанаық келіншек келіп, шағым түсіргенін растады. Ол күйеуі ұрып, балаларын тартып алғанын айтқан. 

"Сол күні полиция қызметкерлері жәбірленушінің 30 жастағы күйеуін ұстады. Нәтижесінде құқық бұзушыға қатысты қорғаушылық бұйрық шығарылды. Алайда ер адам болған оқиғадан нәтиже шығармай, келіншекті аңдуын тоқтатпаған. Осылайша ер адам 21 қазанда қайтадан ұсталып және Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-2-бабы бойынша әкімшілік қамауға алынды.

Одан бөлек, полицияда дене жарақаттарын алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптама тағайындалды. оның нәтижесі бойынша нақты просессуалдық шешім қабылданады", - дейді полиция өкілдері. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная