28 сәуір 2022 09:49

Астаналық WhatsApp-та қызын қорлаған жасөспірімнен екі миллион теңге өндіріп алды

Дина Шарипханова Корреспондент
© elements.envato.com

Нұр-Сұлтан тұрғыны WhatsApp желісінде қызына тіл тигізген сыныптасын сотқа беріп, екі миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан тұрғыны WhatsApp желісінде қызына тіл тигізген сыныптасын сотқа беріп, екі миллион теңге өндіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елорданың Алматы аудандық сотында моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық іс қаралған.

2021 жылы қыркүйекте бұрынғы сыныптастардың WhatsApp чатында жауапкердің ұлы өз сыныптастарына, оның ішінде талапкердің қызына тіл тигізетін хабарламалар жазған.

Реклама
Реклама

Қыздың анасы сыныптасының балағат сөздері салдарынан кәмелетке толмаған қызы бір ай бойы күйзеліске түсіп, күні-түні жылағандықтан бес миллион теңге көлемінде моральдық шығынды өтеуді талап етіп сотқа жүгінген. Нәтижесінде, қызға психологтың көмегі қажет болған.

Нұр-Сұлтан қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімі бойынша, жасөспірімнің әкесі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Моральдық зиян мөлшерін анықтау кезінде сот сыныптасының қорлауынан психологиялық күйзеліске ұшыраған кәмелетке толмаған қыздың құқықтарының маңыздылығын ескерді, сондай-ақ сотталушының отбасылық және мүліктік жағдайы ескерілді.

Сот шешімі бойынша талап арыз қанағаттандырылып, баланың ата-анасынан талапкердің пайдасына екі миллион теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді", - делінген сот сайтындағы хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram