Астаналық жасөспірім лагерьде қайтыс болды: Полиция сараптама жүргізіп жатыр

Астаналық жасөспірім лагерьде қайтыс болды: Полиция сараптама жүргізіп жатыр Көрнекі сурет: pexels.com

А?мола облысты? ІІД баспас?з ?ызметі 15 жаста?ы жас?спірімні? ?азасына байланысты м?н-жайды т?сіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі 15 жастағы жасөспірімнің қазасына байланысты мән-жайды түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өлім дерегін суға абайсызда батып кетті деген тұжырыммен тіркеді. Жасөспірім Ақкөл қаласынан 8 шақырым қашықтықта орналасқан "Арман" лагерінде демалған. Іс бойынша сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама нәтижесі мен дене жарақаты сараптамасы бір ай ішінде белгілі болады. Сараптама нәтижесі бойынша нақты бір шешім қабылданады", - деді баспасөз қызметі.

Білім басқармасы лагерь басшысымен тергеу ісін жүргізіп жатыр деп хабарлады полиция қызметкерлері. 

Реклама
Реклама

 Ұлдың ата-анасы баласының өлімі жайлы 9 шілде күні білді. 

"Біз барған кезде бізге барлық ақпаратты айтып береді. Екі күннен кейін, Көкөшетауға жол таратамыз. Біз өлім жайлы 9 шілде де білдік, қазір оны Астана қаласында жерледі. Иә, денесінде зақымдар бар. Сараптама жүргізіліп жатыр", - деді баланың әкесі Дмитрий Семенцов.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама