ПОДЕЛИТЬСЯ
30 қаңтар 2020 | 14:09
Асыл тұқымды балықтарды заңсыз аулаған браконьерлер мемлекетке үш миллион теңге шығын келтірген
Атырау облысында асыл тұқымды балықтарды ұстаған үш адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында асыл тұқымды балықтарды ұстаған үш адам ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау шекара жасағы "Евразия" шекара заставасының шекара наряды Пешной түбегі аумағында заңсыз балық аулаушылардың ізіне түскен.
"Заттарын тастап қашқан балық аулаушылардың орнынан мемлекеттік нөмірі жоқ 3 мотоциклге тиелген жалпы салмағы 298 келі, 127 дана асыл тұқымды балық табылды. Мемлекетке келтірілген шығын сомасы - 3 080 992,2 теңге. Асыл тұқымды балықтар "Тілекші" ЖШС-не, мотоциклдерді ІІБ-не тапсыру жоспарланған", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Орал шекара жасағының "Тасқала" шекаралық бақылау өткізу пунктінің шекара наряды ҚР-дан РФ-ға "Лада" автокөлігі кетіп бара жатқан 1970 жылы туған РФ азаматын ұстады.
"Аталған азаматтың көлігінің жүксалғышын тексеру барысында Dunston, Goldenleaf, Goldendeer маркалы 590 қорап темекі өнімдері табылды. Ол аталған тауарды заңсыз алып өтпек болғаны белгілі болды. Тәркіленген заттар МКД-нің Тасқала аудандық маманына тапсырылды", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также