Атбасарда бөгет бұзылып, 150 адам эвакуацияланды

сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Атбасарда дамбаны ?айта ?алпына келтіру ж?мыстары жал?асып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?Р ІІМ ТЖ комитетіні? ресми ?кілі Руслан Иман??лов?а сілтеме жасап.

Атбасарда дамбаны қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жергілікті орындаушы органдар, жергілікті полиция қызметі, Ұлттық гвардия, сондай-ақ Көкшетау техникалық институтының курсанттары 2017 жылы 15 сәуірде 20.00-де су шайған дамбаны қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылған. 

"Бүгін, 2017 жылы 16 сәуірде таңғы сағат 06:00-де су басқан жерлерден 150 адам эвакуацияланды. Су басуды тоқтату шаралары жалғасып жатыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына 500 адам және 50 арнайы техника жұмылдырылды", - деді Иманқұлов. 

Реклама
Реклама

 
сурет ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама