17 ақпан 2022 | 15:02

Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды - БАҚ

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Шухрат Данбайды ұстады. Бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басылым мәліметінше, ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген. Тергеуді Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Басқарманың өзінде журналистерге "әзірше ештеңе айта алмаймыз" деп жауап берген.

Шухрат Данбай 2019 жылдың ақпанынан 2021 жылдың шілдесіне дейін Атырау мұнай өңдеу зауытын басқарған.

Реклама
Реклама

Қазір ол Атыраудағы УҰИ-ға қамауға алу үшін куәландырудан өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная