04 желтоқсан 2020 | 13:24

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары сотталып жатыр

© Тұрар Қазанғапов

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасының басшысы сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен облыстық құрылыс басқармасының басшысы сот алдына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Реклама
Реклама

Тергеу мәліметінше, олар Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы 200 орындық жаңа аурухана кешенін пайдалануға қабылдау актісіне қол қоюға жәрдемдескені және жалпы қамқорлығы үшін алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен 185 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

"Биыл 3 желтоқсанда қылмыстық іс Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Күдіктілер кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная