ПОДЕЛИТЬСЯ
17 мамыр 2022 | 13:29
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды. Шенеунік жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға сотталды. Шенеунік жазасын қауіпсіздігі ең төмен колонияда өтейді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" порталы.
Басылым мәліметінше, 17 мамырда Атыраудың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен Құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровқа қатысты үкім шықты. Олар "Аса ірі мөлшерде пара алуға оқталу" бабы бойынша қылмыс жасады деп айыпталды.
Нұрлан Таубаев кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Тимур Басаровқа бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, сотталған экс-шенеуніктерге өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет істеуге тыйым салынды.
Еске салайық, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаров пара алды деген күдікпен ұсталған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также