19 қазан 2021 | 09:57

Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатыр

Қайрат Нұрлыбаев. Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының әкімдігі әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімдігі әкімнің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

"Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша  прокурордың 2021 жылғы 13 шілдедегі қаулысымен ол "Бұйырғын" ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне 83,7 миллион теңге көлемінде инвестициялық субсидияны заңсыз төлеу арқылы бюджет қаражатын ысырап ету дерегі бойынша қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылды", -  делінген хабарламада. 

Инвестициялық субсидиялар келісімшарттарын жасау және инвестициялық субсидияларды төлеу Қайрат Нұрлыбаевтың Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезінде, 2019 жылдың 26 маусымынан 4 желтоқсанына дейін жүзеге асырылған. Бұл лауазымға ол 2019 жылдың 5 маусымында тағайындалған. Бүгінде "Бұйырғын" кооперативі 83,7 миллион теңге қарызды толық көлемде өтеген.

Реклама
Реклама

Нұрлыбаев Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне 2021 жылдың қаңтарында тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная