03 қаңтар 2019 12:53

Атырау облысында білім басқармасының басшысы ұсталды

Атырау облысында білім басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімідік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов білім басқармасының басшысы ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында білім басқармасының басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық әкімідік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов білім басқармасының басшысы ұсталуына қатысты пікір білдірді

Серік Шәпкенов мемлекеттік органдардың аппарат отырысында білім басқармасының басшысы және оның қарамағындағылардың бірнешесі ұсталуына қатысты пікір білдірді. 

Реклама
Реклама

"Осы жағдайға қатысты баға бере алмаймыз, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр, - деді Шәпкенов. - Күдіктілердің кінәлі  не кінәсіз екендігі туралы сот шешім шығарады. Алайда атқарушы органда осындай деректің болуы, яғни олардың жұмысының әділеттілігіне күмән келтіру, біз үшін сигналы болуы керек. Біздің жұмысымыздағы басты салалардың бірі - сыбайлас жемқорлықпен күресу, осындай деректердің болмасы үшін максимум үлесімізді қосып жатырмыз".


Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәпкенов. Сурет әкімдік баспасөз қызметінен

Шәпкеновтың айтуынша, таяуда әкімдік басқармаларында ішкі аудит жүргізіледі. 

"Мамандар барлық басқарманың жұмысын, мемлекеттік сатып алу бойынша заңдылығын және ішкі құжаттарды және басқасын тексеретін болады. Егер басқармада немесе ведомстоның қарамағындағы ұйымдардың жұмысынан заңбұзушылықтар анықталатын болса, шара қолданылады", - деді Шәпкенов. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram