29 қаңтар 2021 14:43

Атырау облысында көпбалалы ана жаңа туған нәрестесін қоқысқа тастаған

Фото Pixabay.com

24 қаңтарда Атырау облысының Сағыз ауылында 35 жастағы көпбалалы ана босанғаннан кейін сәбиін бірден қоқыс жәшігіне тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

24 қаңтарда Атырау облысының Сағыз ауылында 35 жастағы көпбалалы ана босанғаннан кейін сәбиін бірден қоқыс жәшігіне тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Azh.kz-ке сілтеме жасап.

Әйел босанғаннан кейін қан кеткен. Дәрігерлерді шақырған. Фельдшер оның жақында босанғанын бірден білген. Бірақ үйде сәбидің жоқ екеніне таңғалған. Содан кейін ол полицейлерді шақырған. Нәресте үйден 100 метр қашықтықтағы қоқыстан табылған.

Реклама
Реклама

Әйел көпбалалы ана екен: оның төрт баласы бар. Бірақ ол қандай да бір себептермен бұл жүктілікті дәрігерлерден жасырып, үйінің дәретханасында босанған.

Кейін қайтыс болған баланың дүниеге дені сау болып туылғаны анықталды.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, Атырау облысының полициясы тергеу жүргізіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram