15 сәуір 2022 16:05

Атырау облысында шенеуніктер пара алды деген күдікке ілінді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау облысында мемлекеттік қызметкерлер мүгедектікті ұзарту үшін пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты мүгедектікті кедергісіз ұзартқаны үшін жүйелі негізде мүгедектерден 30 000-нан 70 000 теңгеге дейін пара алған қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жария етілмейді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram