19 қазан 2021 | 16:03

Атырау тұрғыны туысының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан

Иллюстрациялық фото: pexels.com

Атырау тұрғыны қайын апасының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау тұрғыны қайын апасының жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сілтеме жасап.

17 қазан күні жергілікті полиция бөлімшесіне Атырау қаласының 36 жастағы тұрғыны арызданды. Әйел өз үйінің жуынатын бөлмесіне жасырын камера орнатылғанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары көп ұзамай күдіктіні анықтады. Ол арыз түсірген әйелдің күйеу баласы болып шықты. 35 жастағы ер адам өз кінәсін мойындап, жасырын камераны әйелін аңду үшін қойғанын айтты.

Реклама
Реклама

Әйелін қызғанған еркек үйге жасырын камера орнатуға шешім қабылдапты. Сөйтіп, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, қайын апасының ваннасына орнатқан. Ал камераны қалтаға салып жүретін зарядтау құрылғысына қоса салған.  

Полицейлер Қылмыстық кодекстің 147-бабы, 3-тармағы (Жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес кінәлі адам бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная