21 ақпан 2022 | 09:10

Атырауда "Алтын алқа" иесі несие төлемегені үшін өлтірілген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көпбалалы ананы айуандықпен өлтірген 25 жастағы ер адамға қылмысын қатаң режимдегі колонияда өтейді деген үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты көпбалалы ананы айуандықпен өлтірген 25 жастағы ер адамға қылмысын қатаң режимдегі колонияда өтейді деген үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Сотталушы жәбірленушіні қасақана өлтіргені толықтай дәлелденді. Ол сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өз еркімен кінәсін мойындап, полиция бөліміне келген және қылмыс қаруын өзі тауып берген. Өзі ұсынған. Қылмыстың ашылуына белсенді атсалысқан", - деді Атырау облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Зарина Хамидуллина. 

Еске салайық, қанды оқиға былтыр қараша айының аяғында Жылыой ауданы Құлсары қаласында болған. 35 жастағы "Алтын алқа" иегерін танысы пышақтап кеткен еді. Қылмысты жасай сала ол анасына барып алып берген несиені төлемегені үшін өлтіргенін айтып мойындаған. Ауыр жарақаттан келіншек оқиға орнында қайтыс болды. Қомақты несиені сот сотталушының өзі төлеуін міндеттеді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная