ПОДЕЛИТЬСЯ
08 маусым 2022 | 17:14
Атырауда Антикор қызметкері жеті жылға сотталды
Атырауда Антикор қызметкері жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды azh.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда Антикор қызметкері жеті жылға сотталды, - деп хабарлайды azh.kz.
8 шілдеде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкері Нұрсұлтан Мұятовқа үкім шығарып, оны 7 жылға бас бостандығынан айырған.
Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылғы сәуірде Нұрсұлтан Мұятов "П" ЖШС басқарма төрағасы Б.-ға қатысты Департамент қызметкерлері жүргізіп жатқан жедел іс-шаралар туралы білген. 2021 жылғы 26 маусымда Мұятов жәбірленуші Б.-мен кездесіп, оған қатысты тексеріс тоқтатылуына, сондай-ақ, департамент пен агенттік басшылығы арқылы оң шешімге ықпал етуі мүмкін екенін айтып, 30 миллион теңге талап еткен. Олар 30 маусымда қайта кездескен кезде 21 миллион теңгеге келіскен. Бұл ақшаны сотталушы танысынан Б.-ның пәтерінен алып кетуді сұраған. Оны сол күні ақша аудару кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері ұстаған.
Оның кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, WhatsАpp мессенджеріндегі жазбалармен, аудио, бейнежазбалармен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және сараптама қорытындыларымен расталған.
Бұған дейін прокурор Мұятовқа 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған, ал қорғаушы тарап оны ақтауды өтінген.
Басылым мәліметінше, 190-баптың 4-бөлігінің 2-тармағының санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, ал 367-баптың 4-бөлігінің санкциясы параның елу еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салуды не мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также