25 сәуір 2019 | 13:21

Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған

© WeapoNews.com

Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған, - деп хабарлайды ATPress.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда арбаға таңылған ер адамды 10 жыл бойы құлдықта ұстаған, - деп хабарлайды ATPress.

Әлеуметтік желіде мүмкіндігі шектеулі ер адамның құлдықта отырғаны туралы бейнежазба жарияланды. Өзін Түркістан облысының азаматымын деп таныстырған видео авторы вокзал маңында қайыр сұрап отырған ер адамның оқиғасы жайлы баяндап, арбаға таңылған жігіттің құлдыққа қалай тап болғанын сұраған. 

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, 2010 жылы оны асыраушылар Атырауға алып келген. Содан бері оны алдап, құлдықта ұстаған. Күн сайын көшеде қайыр сұрап, тапқанын асыраушыларына беретінін айтады.

Осы іске қатысты полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. 

"Бейнежазбаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - деді полиция өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram