ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2020 | 16:32
Атырауда әйелдер колониясының бұрынғы басшысына үкім шығарылды
Сот түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы мен бас бухгалтеріне үкім шығарды. Бұл туралы Атыраудың №2 қалалық соты мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайытна сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сот түзеу мекемесінің бұрынғы басшысы мен бас бухгалтеріне үкім шығарды. Бұл туралы Атыраудың №2 қалалық соты мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі atpress.kz сайытна сілтеме жасап.
Оларды ҰҚКД қызметкерлері 2020 жылдың ақпанында ұстаған. Алдымен сотқа дейінгі тергеу 366-бап "Пара алу" бойынша жүргізілді, бірақ кейін 362-баптың 4-бөлігі 3-тармағына "Пайда табу мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалануға" сәйкес қайта қаралды.
Сотта іс "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша қаралды. Бименова өз кінәсін мойындады.
Сот бас бухгалтер Бименова Сағынғалиеваның серіктесі болғанын, олар 2019 жылы қызметкерлерінен үш миллион теңге сомасында сыйақы мен қосымша төлемдерін жинап, осы ақшаның көп бөлігін иемденгенін анықтады.
Екі әйел де мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, қоныс-колониясына екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Сағынғалиеваны әділет майоры шенінен да айырды.
Басылым хабарлауынша, сотталушылар тергеу изоляторында 10 ай болған, ал колонияға сотталғандар үшін бір жыл екі жылға есептелгендіктен, олар бас бостандығынан айыру орнында төрт ай отырады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также