ПОДЕЛИТЬСЯ
13 қыркүйек 2019 | 14:42
Атырауда баланы ұрған тәрбиеші айыппұл арқалады
Атырауда Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақшада төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды "Мой Город".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақшада төтенше жағдай болды, - деп хабарлайды "Мой Город".
"10 шілдеде 16:00 шамасында Атырау қаласы Жұлдыз мөлтек ауданындағы балабақша тәрбиешісі жұмыс орнында кішкентай балаға қол көтерді. Осылайша, баланың денсаулығына зиян келтірген", - деді облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер.
Атырау қаласы мамандандырылған әкімшілік соты балабақша тәрбиешісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-1-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғады.
Сот үкімімен тәрбиеші әкімшілік құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 26 513 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуі тиіс.
Показать комментарии
Читайте также