ПОДЕЛИТЬСЯ
03 тамыз 2021 | 12:00
Атырауда бар күзетшісі мониторинг тобының мүшесін соққыға жыққан
Атырауда караоке-бардың күзетшісі мониторингтік топ мүшесін ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда караоке-бардың күзетшісі мониторингтік топ мүшесін ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 1 тамызда таңғы сағат 4 шамасында болған. "Рыба моей мечты" караоке-бары заңға қарсы жұмыс істеген. Атырау әкімдігі жанындағы мониторингтік топ мүшелері құқықбұзушылықты рәсімдеу үшін ішке кірмек болған, бірақ мекеме күзетшісі қалалық жер қатынастары бөлімінің қызметкерін соққыға жыққан.
"Дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2 тамызда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында жаңа шектеулер енгізілді. Қалаларда орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтатыған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также