ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2022 | 09:09
Атырауда денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ұсталды
10 ақпанда Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
10 ақпанда Атырауда облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі azh.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері бұл деректі растады, алайда оның ұсталуы облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы қазіргі жұмысына қатысы жоқ екені хабарланды.
Басылым мәліметінше, ол пайдалануға берілмеген әлеуметтік маңызы бар нысандар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойған деп айыпталып отыр.
30 жастағы Нұрқуат Нудин денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болып былтыр сәуірде тағайындалған болатын, ол басқарманың қаржы мәселелеріне жетекшілік еткен. Экономикалық тергеу департаменті әзірге ешқандай мәлімет бере алмайтынын айтты. Алайда оның 2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін облыстық құрылыс басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарғаны және оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөгде мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша айып тағылғаны белгілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также