30 мамыр 2022 | 18:21

Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді

Сурет: polisia.kz

Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тыйым салынған кітаптар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында деструктивті діни ағым өкілінен тапанша мен ел аумағында тыйым салынған кітаптар тәркіленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті мен Атырау облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында деструктивті діни ағымның 29 жастағы өкілін анықтап, тұрғылықты мекенжайында тінту жүргізу кезінде 9 миллиметрлік МР-79 калибрлі травматикалық тапаншасын, 14 патрон, Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған мағлұматтар бар бес флеш карта мен 17 діни кітап тәркіледі.

Ақпарат бойынша, күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
Реклама

"Аталған дерек бойынша Атырау қаласының №2 Полиция бөлімі ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру бастады. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная