Атырауда ер адам бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған: оқиға видеоға түсіп қалды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Атырауда бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда бұрынғы сүйіктісін өлтірмек болған ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің өміріне қастандық жасау әрекеті үйдің кіреберісіне орнатылған камераға түсіріп қалған. Кадрлардан ол пәтердің есігін құлыптап, далаға шықпақ болған кезде ер адам шабуыл жасағанын көруге болады.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 9 маусымда 29 жастағы күдіктіге қатысты соталды тергеу басталған.

"Күдіктінің жеке басы анықталды, оны ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені қабылданады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті мен жәбірленушінің бұрын азаматтық некеде болғаны анықталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - дейді ПД өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная