05 мамыр 2021 | 15:03

Атырауда есірткі саудалаған 29 жастағы ер адам ұсталды

© polisia.kz

Атыраулық полицейлер 29 жастағы ер адамнан 5 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атыраулық полицейлер 29 жастағы ер адамнан 5 миллион теңге болатын есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласының аумағында синтетикалық есірткілермен бетбелгілерді орнатумен айналысқан 1992 жылғы ер адамды ұстады.

"Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде 100 грамнан астам дайын есірткі тәркіленді. Бұл бес миллион теңге сомасына 3500-ден астам бір реттік дозаға тең келеді. Ұсталған адамның айтуынша, тәркіленген есірткіні оған басқа қаладан жеткізген", - дейді Атырау облысы полиция департаментінің басшысы Қамза Үмбетқалиев.

Реклама
Реклама

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігіне сәйкес соталды тергеу басталды. Айта кетейік, бұл бапта үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная