ПОДЕЛИТЬСЯ
09 желтоқсан 2020 | 18:18
Атырауда гитарасын пойызға ұрып сындырған жігіт жазаланды
Атырауда гитарасын пойызға ұрып сындырған 17 жастағы тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда гитарасын пойызға ұрып сындырған 17 жастағы тұрғын әкімшілік жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде видео тараған. Онда жасөспірім "Ақтөбе-Атырау" жолаушылар пойызының жанында тұрып, айғайлағанын көруге болады. Кейін қолындағы гитарамен пойызды ұрады.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 желтоқсанда түнгі сағат 00.30-да Атырау облысы Сағыз станциясында болған.
"Ақтөбе-Атырау" бағытындағы пойызы тоқтап тұрған кезде 17 жастағы жігіт қоғамдық орында тәртіп бұзып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық бiлдiрген. Құқықбұзушының айтуынша, ол досын Атырау қаласындағы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға шығарып салуға келген", - делінген хабарламада.
Бұл факт негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
"Күдіктіні әкімшілік жауапқа тарту үшін материалдар Қызылқоға аудандық сотына жіберілді", - делінген хабарламада.
Оған 5 АЕК (13 890 теңге) мөлшерінде айыппұл салынуы немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также