ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қаңтар 2020 | 09:19
Атырауда жанармай құю бекетін тонағандар видеоға түсіп қалды
Атырауда екі ер адамның жанармай құю бекетін тонаған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Мой Город".
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда екі ер адамның жанармай құю бекетін тонаған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды "Мой Город".
Басылымның мәліметінше, бұл оқиға 9 қаңтарда сағат 06.00-де болған. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ер адам Датов көшесінде орналасқан жанармай құю бекетіне баса-көктеп кірген.
"Жанармай құю станциясы қызметкерлеріне қарсы күш қолданып, кассадан 268 мың теңге алып, оқиға орнынан жасырынған. Полицейлер оларды ізін суытпай ұстады. Ұсталғандар - Жылыой ауданының 25 жастағы тұрғыны мен 24 жастағы қала тұрғыны. Олардан ақша мен заттай дәлелдер табылды", - деп хабарлады полицейлер.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Показать комментарии
Читайте также