21 шілде 2022 | 10:02

Атырауда журналист Олеся Вертинскаяға шабуыл жасалды

Дина Шарипханова Корреспондент

Атырауда белгісіз ер адам журналист Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда белгісіз ер адам журналист Олеся Вертинскаяға шабуыл жасаған. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға 19 шілдеде таңертең Жұмыскер шағынауданында болған.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оған жақындап, көмек сұраған, содан кейін бірнеше рет ұрған. Оны сол маңнан өтіп бара жатқан куәгер құтқарып қалған. Вертинскаяның мұрны сынған.

Реклама
Реклама

"Пышағы бар ма екен деп қалтасына қарағанымда, мұрнымнан ұрды. Мен айғайлап жібердім. Мені естіген куәгер жүгіріп келді, ал шабуылдаған ер адам қашып кетті. Үйге қан-жоса болып келіп, балама жедел жәрдем шақырттым. Кейін ауруханаға жеткізілдім", - деді журналист.

Ол оқиғаны кәсіби қызметімен байланыстырады. Бұған дейін Олесяға белгісіз нөмірден қоқан-лоққы жасалған хабарламалар келген.

Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа мәлімет ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды", - делінген Атырау облыстық Полиция департаменті хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная