ПОДЕЛИТЬСЯ
06 наурыз 2023 | 13:38
Атырауда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған арнайы жасақ қарулары табылды
Атыраулық полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE.KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атыраулық полицейлер қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі POLICE.KZ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
28 ақпан облыстық ПД қызметкерлері Ақсай елді мекені тұсындағы Жайық өзенінің жағалауында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ сақталған жерді анықтаған.
"Тексеру кезінде Атырау ОПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағына тиесілі Форт - 500М мылтығы, 3 дана 12 мм калибрлі патрондар, 2 ГСЗ ДК-130 ГСЗ граната, 1 ПР 54 резеңке таяқша және жеке қорғаныс құралдары, оқ өтпейтін кеудеше, каскалар тәркіленді", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-ның 287-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозағалып, соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также