Атырауда қарулы ер адамдар пәтерге басып кіріп, үй иесін тонап кеткен

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Атырауда қарулы ер адамдар пәтерге басып кіріп, үй иесін тонап кеткен

Полиция мәліметінше, 20 қаңтарда Атырауда белгісіз екі адам пәтерге басып кірген. Олар үй иесін ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, бағалы заттар мен ақшасын алып кеткен. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қарақшыларды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Рolisia сайтына сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, сағат 21.40-та белгісіз екі ер адам пәтерге басып кіріп, ұрып-соғып, пышақпен және қаруға ұқсас затпен қорқытып, екі ұялы телефон, смарт-сағат, алтын сырға, 40 мың теңге алып кеткен. Сондай-ақ, мобильді қосымша арқылы басқа шотқа 1 миллион 576 мың теңге аударуға мәжбүр еткен.

"Полиция қызметкерлері 26 және 24 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олардан екі ұялы телефон, алтын сырға, смарт-сағат, пневматикалық қару және 1 миллион 14 мың теңге көлеміндегі ақша тәркіленді. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама