14 қараша 2022 | 09:21

Атырауда қарулы қарақшы ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Атырауда полиция қызметкерлері қарулы қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полиция қызметкерлері қарулы қарақшыны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 12 қарашада сағат 11:00 шамасында "Авангард" шағынауданында ер адам дүкен сатушысын тапаншамен қорқытып, 200 мың теңгеден аса ақшасын иемденген.

"Жедел басқару орталығына осы жағдай туралы хабарлама келіп түсті, оны 5546 әскери бөлімінің жедел батальонының кезекшісі, аға сержант Нұрбол Жайлиев қабылдады.

Біраз уақыттан кейін бірлескен іс-әрекет нәтижесінде МП-65К травматикалық тапаншасымен қаруланған ер адам табылып, Атырау қалалық ІІБ-на тапсырылды", - делінген полиция хабарламасында.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram