Атырауда клиенттер Home Avto Invest ломбарды директорын кепілге алған

Фото: azh.kz

Атырауда клиенттер Home Avto Invest ломбарды директорын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Атырауда клиенттер Home Avto Invest ломбарды директорын кепілге алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 21 ақпанда атыраулық салымшылар ломбард кеңсесінің алдына жиналып, салынған ақша, көлік және жылжымайтын мүлкін қайтаруды талап еткен. Кейбіреуі тіпті ломбард директорын кепілге алған.

Қазіргі уақытта олар директорды драмтеатр маңындағы көпқабатты үйлердің бірінде кепілде ұстап, салымын қайтарғанда ғана жіберетінін айтып отыр. Үй ауласында бірнеше көлік тұр, онда Home Avto Invest клиенттері бар делінеді. Полицейлер де кепілге алынған адамды шығарып ала алмаған.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанның бірнеше қаласында 21 ақпанда "Гарант 24" және "Estate Ломбард" салымшылары компания кеңселеріне шабуыл жасап, құйған ақшасын талап еткен еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама