Атырауда көлік нөмірін маскамен жапқан жүргізуші ұсталды

Атырауда көліктің мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жапқан 16 жастағы жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда көліктің мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жапқан 16 жастағы жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"4 қаңтарда түнде патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский-Луговой көшелерінің қиылысында көліктің мемлекеттік нөмірін медициналық маскамен жауып қойған Toyota Camry маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тексеру кезінде көлікті 16 жастағы жасөспірім тізгіндегені анықталды", - делінген Атырау облысы Полиция департаментінің Instagram желісіндегі парақшасында.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар шешім шығару үшін сотқа жолданды. Көлік айып тұрағына қойылды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, жасөспірімге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-бөліміне сәйкес "Жүргізу куәлігін оқымаған және 1 жыл ішінде бір текті құқықбұзушылық кайталағаны үшін" әкімшілік хаттама толтырылып, 29 170 теңге айыппұл салынды.

Жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөліміне сәйкес "Түнгі сағат 23:00 кейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын-жайдан тыс жерде жүргені үшін" әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама