ПОДЕЛИТЬСЯ
05 ақпан 2020 | 14:44
Атырауда қызға шабуылдағандардың ісі: күдіктілер ұсталды
Атырауда пәтер тонамақшы болған екі күдіктінің бірі ұсталды. Екі ер адам әйелдің соңынан Нұрсая ықшамауданындағы пәтеріне кірмекші болған, алайда оларға тойтарыс берген. Оқиғаның видеосын бейнебақылау камерасы түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұсталған адам Атырау қаласының 1992 жылғы тұрғыны, ол кінәсін мойындады. Екінші адамның кім екені анықталды, іздеу жұмыстары жүріп жатыр. Екеуінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
"Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Осы бап бойынша күдіктілер жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - делінген Атырау ПД баспасөз қызметінің өкілдері.
Кейінірек полицейлер екінші күдіктінің - 1987 жылғы ер адамның ұсталғаны туралы айтты.
Айта кетейік, 4 ақпанда, әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы Нұрсая ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісінде түсірілген виде жарияланды. Онда ер адамдар әйелмен бірге пәтерге кіріп, тонамақшы болған. Алайда олар ойлаған ісін жүзеге асыра алмай, қаша жөнелген. Үйде отырған ер адам қаскөйлерді итеріп шығарып, төбелесе кеткен. Оқиға 3 ақпанда 18:46-да болған.
Показать комментарии
Читайте также