17 наурыз 2020 11:27

Атырауда мәдениет саласының қызметкерлері ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған

© Тұрар Қазанғапов

Атырау облысының мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының мәдениет саласының бірқатар лауазымды тұлғалары аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикоррупция қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін "Атырау облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы С. Сабырға, "Н. Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясы" КМҚК бұрынғы директоры Ғ. Дүйсенғалиевке, басқарманың бухгалтерлік есеп, есептілік және қаржы-экономикалық қызмет бөлімінің бұрынғы басшысы А.Рахматулинаға және бұрынғы бухгалтер Г.Самариденоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Реклама
Реклама

"Сабыр және басқалар лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу сылтауымен үлестес тұлғалар арқылы қолма-қол ақшаға аудару арқылы сеніп тапсырылған бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру бойынша күдікті деп танылды.

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Атырау қаласының №2 сотының үкімімен: Сабыр орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды, Дүйсенғалиевтің 7 жылға бас бостандығы шектелді, Самариденова мен Рахматулина жазаны өтеуді 5 жылға дейін кейінге қалдырумен 7 жылға бас бостандықтарынан айырылды", - делінген Антикоррупция қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, олардың өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram