26 қаңтар 2022 | 09:51

Атырауда мектеп директоры үш жылда 6 миллион теңгеден аса ақша жымқырған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: "Хабар 24"

Атырауда үш жылда 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталған мектеп директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда үш жылда 6 миллион теңгеден астам ақша жымқырды деп айыпталған мектеп директоры сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Іс материалдарына сәйкес, білім мекемесінің басшысы ресми құжаттарға жалған мәлімет енгізіп, бюджет қаражатын негізсіз жұмсауға жол берген. Салдарынан азаматтар құқығы бұзылған.

Куәлар мен жәбірленушілер айғағын тыңдап, сараптама және тексеру материалдары қорытындысын зерделеген сот экс-директорға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Сонымен қатар, ол мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды. Сотталушы шығынды толығымен өтеп үлгерген.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная