Атырауда миллион масканы заңсыз сатпақ болғандар ұсталды

Видеодан алынған кадр

Атырауда миллион масканы жоғары бағамен сатпақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырауда миллион масканы жоғары бағамен сатпақ болғандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы бақылау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитет мәліметінше, жедел-іздестіру шаралары барысында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқандар анықталды.

"Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілгенде Атырауда бір топ адам миллион дана маска сатумен айналысқан, маскалардың жалпы құны - 313 миллион теңге. Оларда ешқандай құжат болмаған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғаны айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Нұр-Сұлтанда маскаларды жоғары бағамен сатқандардың ұсталғаны хабарланған еді. Олар 55 мың маска сатпақшы болған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама