Атырауда ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды

Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі анықталды. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

"Атыраудағы төрт мекенжай бойынша "Э-БК" ЖШС букмекерлік кеңсесі түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі анықталды. Нысанды тексеру кезінде 17 процессор, 16 монитор, 32 теледидар, чек шығаруға арналған 14 термопринтер мен 1,2 миллион теңге тәркіленді", - деді агенттік өкілдері. 

Атырау сотының үкімімен қаланың екі тұрғыны Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 307-бабы, 3-бөлігі 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсына төрт жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды. Алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама