Атырауда өзенге сүйек толы қап лақтырған адам видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Атырауда 15 мамырда ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Кейін қапта сүйек болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда 15 мамырда ер адам көлігінен түсіп, қара түсті қоқыс салатын қапты суға лақтырып жіберген. Кейін қапта сүйек болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға сағат 21:00-де қаладағы Мечников көпірінде болған. Бұл әрекеті Атырау қаласы полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Тәртіп сақшылары аталған азаматты дереу анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлімімен "Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау" әкімшілік хаттама толтырды. 1977 жылғы ер адам қара түсті қоқыс салатын қапқа садақадан шыққан сүйек қалдықтарын салғанын айтты", - дейді Атырау ПБ баспасөз қызметіндегілер. 

Реклама
Реклама

Қала тұрғынына 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама