01 ақпан 2019 17:35

Атырауда панкратион чемпионы тұтқындалды

Дина Муратова Редактор
© фото sport.mangystau.gov.kz

Ақтауда Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаев тұтқындалды, - деп хабарлайды "Лада" Манғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда Маңғыстау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбек Қарабалаев тұтқындалды, - деп хабарлайды "Лада" Манғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, басқарма басшысы он тәулікке қамауға алынды. Нұрбек Қарабалаев мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы аса ауыр дәрежеде жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бабының 4-тармағына ("Лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану")  сай жүргізіліп жатыр. 

Реклама
Реклама

Нұрбек Қарабалаев Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына 2018 жылдың сәуір айында келген. 2013 жылы Naiza FIGHTER атты кәсіпқой-спорт клубын ашқан және заңгер болған. 2004 жылы Қарабалаев қоян-қолтықтан Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған. 2009 жылы әскери самбодан ел чемпионы болды. 2010 жылы осы спорт түрінен ҚР кубогін жеңіп алған.

Оған қоса, 2010 жылы әскери самбодан Киевте өткен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған және Польша да өткен паникратоннан әлем чемипонатының жүлдегері атанды. 2012 жылы грэпплингпен және панкратионнан Қазақстан чемпионы атанған. Мәскеуде әскери самбодан  өткен әлем чемпионатында үшінші орынды иеленген. 2013 жылы Атырауда өткен панкратионнан ел чемпионатын жеңген. "Қазақстан Республикасының құрметті спортшысы" атағын алған.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram