ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2024 | 08:44
Атырауда пәтерге қасақана өрт қойылған: анасы қайтыс болып, ұлы ауруханаға түсті
Атырауда құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырауда құтқарушылар өрт кезінде 67 адамды құтқарды және эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатында пәтерде 74 шаршы метр алаңда өрт болды.
"ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Өрт сөндірілді", - делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ, 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды. Өрттің алдын ала себебі - қасақана өртеу.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также