29 қыркүйек 2017 | 08:41

Атырауда сегіз жастағы қызды зорлап, өлтірген педофилге қатысты сот үкімі шықты

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бесікті ауылының 28 жастағы тұрғыны сегіз жастағы Айкөркем Алдамжарды зорлап, өлтіргені үшін соттады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бесікті ауылының 28 жастағы тұрғыны сегіз жастағы Айкөркем Алдамжарды зорлап, өлтіргені үшін соттады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Процесс баспасөзге жабық тәртіпте өтті. Журналистер үкім шығарылған кезде ғана сот залына кіре алды. Ер адам ауырлататын жағдайда адам зорлады және өлтірді деп танылды. Оған барынша қауіпсіздендірілген колонияға 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жалпы жаза мерзімінің алғашқы үш жылын ер адам толықтай қауіпсіз жерде өтейді.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен және қарумен байланысты жұмыс істеу құқығынан өмір бойына аластатылды. Мұның үстіне, ол қаза тапқан қыздың шешесіне моральдық шығын ретінде 5 миллион теңге өтеп беруі тиіс.  Сотталушы үкімге 15 күннің ішінде шағым түсіре алады. 


© Марат Такулин/azh.kz


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная